Нұр-Сұлтанда 30 бутик өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда 30 бутик өртеніп кетті

Нұр-Сұлтанда 30 бутик өртеніп кетті

Өрт аумағы 500 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен күйік алғандар жоқ.

  • 6 Тамыз 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

6 тамызда түнгі 03:49-да "101" пультіне Байқоңыр ауданындағы Алаш көшесіндегі "Big Шанхай" базары аумағында өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК-не сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер сағат 03:57-де келіп жеткенде 30 бутик өртеніп жатқан.


Өрт 05:08-те сөндірілді.

Өрт аумағы 500 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен күйік алғандар жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 44 адамы мен 12 дана техника тартылды.