Бұл туралы АқЖайық басылымы хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған 44 жастағы қала тұрғыны 5 жас шамасындағы қыз балаға азғындық әрекет жасады деп күдіктелуде.
Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 121 –бабы, 4 -бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.