Елімізде ең сирек қойылатын есімдердің тізімі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ең сирек қойылатын есімдердің тізімі жарияланды

Елімізде ең сирек қойылатын есімдердің тізімі жарияланды

Жыл басынан бері республика бойынша тек бір рет қойылған есімдер бар

  • 12 Тамыз 2019
  • 785
Фото - Caravan.kz

 Статистика комитеті Қазақстанда сирек кездесетін есімдерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері республика бойынша бір рет қана қойылған есімдер бар. Ол балалардың есімі әзірше басқа жерде қайталанбайды.

Мәселен, ұлға қойылған сирек есімге Теңіз, Байқазақ, Саввелий, Бронислав, Растислав, Құдірет, Нұрәлем, Бейбарыс-Сұлтан, Мұхаммед-Раджаб, Ерлер, Ақихат, Елтұлға, Нұршашхан, Нұртұяқ, Таңсұлтан, Нұрпарасат, Анисим, Бай-Арыстан, Батый, Ибрайым, Шах-Мұхаммед, Лаврентий, Ерқабыл, Байпатша, Нұр-Иман, Қорғанбек, Елшібек, Шах-Кәрім, Бақислам, Али Ибраһим, Мұхаммед Амин, Лазарь, Нұркелды, Нұршапағат, Ұланғасыр, Доминикан, Ізкелді, Ақсұлтанбек, Азииз-Хакиим, Сақтар, Елбақыт, Қасым-Жомарт Керей, Елсүйер, Із-Нұр, Сүйініш, Ердана, Святозар, Лучезар, Өмірұзақ, Сақтапберген, Айпатша мен Арқау кіреді.

Қызға да ана-анасы сирек есім қоюға тырысады. Олар: Сәтті, Севостьяна, Еңлік Сұлу, Ақпатша, Андриана, Тұмарсұлу, Рабиям, Нұршаһ, Аксиния, Евангелия, Бриллиант, Сахара, Ақ-ниет, Айдайсұлу, Ай Күнім, Ақбиік, Нұр Ханшайым, Аннамария, Шаттық, Інжу-Маржан, Усьтинья, Тлекші, Ақшырақ, Таңшуақ, Любава, Рәбина, Моншақ, Ақжүзік, Көрікті, Офелия, Теймия Гликерия, Күміс, Сильвия, Королина, Полинария, Шариат, Қызғалтақ, Августина, Сүйкімді, Арья, Күнке, Бөпежан, Скарлетт-Роуз, Жұмақыз, Ақмамық, Мыңжылқы, Тәслима, Нұрдариға, Ангела, Сәнді, Нұрбалым, Тұнық, Балбөпе, Аймүсін, Жаншырайлым, Таңсамалы, Хұснижамал және Еңлік сұлу.

Айта кетейік, бұған дейін статистика комитеті өткен жылғы ең танымал есімдерді жариялаған болатын. Мәселен, ұлдар арасында бірінші орында Әлихан тұр. Одан кейін Айсұлтан, Нұрислам, Рамазан, Амир, Алинұр, Али, Ислам, Ерасыл, Санжар, Арсен, Алдияр, Расул, Нұрасыл, Мирас, Омар, Мансұр, Ибраһим, Муслим және Артем келеді.


Ал қызға Айзере деген есім жиі қойылған. Бұдан бөлек, Раяна, Медина, Айша, Айару, Аяла, Айлин, Амина, Кәусар, Асылым, Айым, Інжу, Адина, Айкөркем, Әмина, София, Сафия, Аяна, Аяулым мен Аиша жиі кездеседі.