Қарағанды облысындағы жұмысшылардың шетелдіктермен қақтығысы: полиция мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы жұмысшылардың шетелдіктермен қақтығысы: полиция мәлімдеме жасады

Қарағанды облысындағы жұмысшылардың шетелдіктермен қақтығысы: полиция мәлімдеме жасады

 

  • 13 Тамыз 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz


Қарағанды облысында полиция жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжалға қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. "Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қазіргі уақытта Жәйрем ауылындағы жағдай тұрақты және ол полиция органдарының бақылауында. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", — делінген хабарламада. Қақтығыстың себебі әлі белгісіз. Бұған дейін Қарағанды облысында жұмысшылар шетелдіктермен төбелескені хабарланған еді.