Бұл туралы ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-уқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 820 шақырымына барып қайтты. Құбыр құрылысы қазан айында аяқталады. Ахметжан Есімов құрылыс барысына оң баға беріп, құрылысты уақытылы аяқтауды, сондай-ақ газ құбырын іске қосу-жөндеу жұмыстарының өз мерзімінде бітуін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті», — делінген баспасөз хабарламада.
Акционерлік қоғамның ақпаратына сенсек, бүгінде құбыр құрылысының 75 пайызы атқарылған. Қарағанды мен Ақмола облыстарында дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен әкімдіктер құрылыстың құбыр желілері толық тартылып біткеннен кейін елді мекендер мен елорданы газбен жабдықтауға кіріседі», — деді «АстанаГазҚМГ» акционерлік қоғамының бас директоры Сағидулла Мақашев. «Сарыарқа» газ құбыры Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуге арналған. Құрылыстың мердігері – «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы, операторы – «Астана Газ ҚМГ» компаниясы.
«Сарыарқа» газ құбыры «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырынан бастау алады. Негізгі құрылыс жұмыстары 2019 жылдың соңына қарай аяқталатын болады. 2020 жылы толықтай пайдалануға берілмек. Құбырдың жалпы ұзындығы 1061 шақырым. Яғни, 1,7 млн. тұрғыны бар 171 елді мекенді басып өтеді.
Соңғы жаңалықтар
"Кеңес Одағының батыры туралы алғашқы фильм": Әлия Молдағұлова жайлы кино туынды көрерменге жол тартпақ
Жаңалықтар
4 Мамыр
Роман Скляр Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Жаңалықтар
4 Мамыр
Тоқаев 8-9 мамырда Ресейге іссапармен барады
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Депутаттар туған күнге 2000 теңгеден жинайтын": Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінен қандай сыйлық алғанын айтты
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Мынау енді шектен шыққан әдепсіздік": Нүкенованың ағасы соттағы қылығы үшін сынға қалды
Жаңалықтар
4 Мамыр
Көркем гимнастикадан жаспірімдер командасы Азия біріншілігінде топ жарды
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Ораза ұстаушының аузынан шыққан Жағымсыз иіс Алланың құзырында әтірден де құрметті болады дейді" - Нұрсұлтан имам-ұстаз
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Бұлар неге аяқ асты қазақшаға жабысып қалды?": Байжановтарға қазақ қоғамының қолдауы қажет - журналист
Жаңалықтар
4 Мамыр
30-дағы жігіттің автобуспен жүргені ұят па? Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дау тудырды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
4 Мамыр
"200 мың теңгеге қымыз ғана алдым": Kalifarniya тойына қанша қаражат жұмсағанын айтты
Жаңалықтар
4 Мамыр