Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"АҚШ еліндегі менің таң қалғаным, киномыздың көрсетілімінен соң, көрермендердің жартысы, біраз уақытқа дейін кетпей, қатты қызығушылық танытып сұрақ қойып, қатты әсер алдық деген толқыныстарын сөзбен айтып жеткізе алмай жатты. Жұлдызыма бәрі риза. Ол жақтың актрисаларынан асып түсті ау шамасы деп қалдым" деп жазды желідегі парақшасында.
"Жаныыым сенікі іштарлық қой. Қайраттың өнер әлемінде жүргеніне 13 жыл болды, сол жылдардың бәрінде біреумен жарыспаған шығар. Шықсын Қазағымның ұл-қыздары бірінен-бірі асып түссін. Әр қайсысының өз орны бар, біріне-бірі ұқсамайды. Біреу ән айтты маған айтуға болмайды деген заң жоқ. Бірақ араға іріткі салып бір-біріне қарсы қоятын сіз сияқты білімсіз, қараңғы адамдар. Көзі ашық, көкірегі ояу адам қайта жол сілтеп, қуанышына ортақтасады. Құдай аясын сізді, ой-өрісіңіз таяз болса қайтеміз енді".