Атамбаев тергеу изоляторында әйелімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атамбаев тергеу изоляторында әйелімен кездесті

Атамбаев тергеу изоляторында әйелімен кездесті

Раиса Атамбаева ҰҚК тергеу изоляторында қамауға алынған жұбайымен, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

  • 27 Тамыз 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы адвокат Сергей Слесарев хабарлады. Бұған дейін әйел тергеушіге күйеуімен кездесуді сұраған. Өтінін қанағаттандырылдыы.

Қорғаушының сөзіне қарағанда, басқа туыстар мұндай тілек білдірмеген. Сергей Слесарев ерлі-зайыптылардың әңгімелесу тақырыбын және олардың кездесудің ұзақтығын білмейтінін атап өтті.

«Бірақ менің қорғауымдағы адамым қамауда ұстау жағдайлары қанағаттанарлық деп санайды. Маған қосымша өтініштер айтқан жоқ», — деді адвокат.

Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев Қой-Таш ауылында орналасқан резиденциясында екінші шабуыл кезінде ұсталған болатын. Бұл 8 тамызда болды. Осыдан бір күн бұрын жасалған алғашқы әрекет оң нәтиже бермеді.