Павлодар облысындағы алқаптардың бірінде граната табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысындағы алқаптардың бірінде граната табылды

Павлодар облысындағы алқаптардың бірінде граната табылды

Павлодар облысының Тереңкөл ауданында ауыл тұрғыны алқаптан граната тауып алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 28 Тамыз 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz


"27 тамыз күні сағат 15:15-те Тереңкөл ауданының кезекші бөліміне Трофимовка ауылының 1986 жылы туған, комбайншы болып жұмыс жасайтын тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Ол ауылдан 200 метр қашықтықтағы алқаптан қол гранатасына ұқсас зат тауып алған. Жедел тергеу тобы және саперлер анықталған жерге барды. Тексеру жасалды. Қол гранатасы оқу-жаттығуға арналған болып шықты", — делінген ведомствоның хабарламасында.