Оралдық дәрігерлер жігіттің соқыр болуына кінәлі: моральдық өтемақы 10 млн теңгені құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдық дәрігерлер жігіттің соқыр болуына кінәлі: моральдық өтемақы 10 млн теңгені құрайды

Оралдық дәрігерлер жігіттің соқыр болуына кінәлі: моральдық өтемақы 10 млн теңгені құрайды

Александр Черченко туғалы бері қаладағы №1 емханаға қаралып келген. Оған 8 жасында алғаш рет қант диабеті диагнозын қойып, тіркеуге алыпты.

  • 29 Тамыз 2019
  • 41
Фото - Caravan.kz

Алайда жігіттің айтуынша, ол көптеген жыл бойы тиесілі ем алмаған, деп жзады sn.kz

Оралда дәрігерлер қант диабетімен ауыратын жігітке соқыр болып қалғаны үшін 10 миллион теңге төлейді. Мұндай шешімді Жоғары сот қабылдады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Черченко туғалы бері қаладағы №1 емханаға қаралып келген. Оған 8 жасында алғаш рет қант диабеті диагнозын қойып, тіркеуге алыпты. Алайда жігіттің айтуынша, ол көптеген жыл бойы тиесілі ем алмаған. Бұл деректі денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы да растады. Мамандар жігіт қаралып, емделген бірнеше медициналық мекемеден бірқатар бұзушылықты анықтапты.

Комиссия жасаған тұжырым бойынша, осы жылдар бойы пациентке дер кезінде әрі толыққанды ем жасалмаған. Салдарынан Александрдың басқа да диагноздары пайда болып, ең сорақысы, ол толықтай соқыр болып қалған.

«Офтальмолог жылына екі рет қарауы тиіс еді. Ауру қан тамырларына әсер ететіндіктен, жылына екі рет тексеруі керек. Алайда ол 9 жылдың ішінде небәрі 4 рет қарады… Егер бәрін дұрыс жасап, дәрігерлер барлығын дұрыс түсіндіріп, дер кезінде тексерсе, жанарым сақталар еді. Бірақ дәрігер білмегендіктен, дер кезінде бақыламағандықтан, салдары осылай болды», — дейді Александр Черченко.

Алайда қалалық №1 емханадағылар бұрынғы пациенттің айыптауларымен келіспейді.

«Біз Черченконың талаптарымен және сот шешімімен келіспейміз. Бастапқыда келіспегенбіз. Себебі бізде төрт акт бар. Екі актіні тәуелсіз сарапшылар берді. Онда Черченкоға медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңінде ем мен диагностика хаттамалар мен заманауи стандарттарға сәйкес жасалғаны анық көрсетілген. Пациент 2016 жылдан бері емханаға келмеген», — дейді емхананың емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Марина Наженова.

Ал Черченконың айтуына қарағанда, ол басынан өткен жайттан кейін емхана дәрігерлеріне сенуден қалған.


«Мен өмір бойына зағип болып қаламын. Олар менің туыстарымның, жақындарымның түрін көре алмайтынымды ескеріп отырған жоқ. Одан бөлек, жауап берушілер көзімдегі өзгерістерді 2009 жылдан бері білген. Бірақ ешқандай ем тағайындамады», — дейді жас жігіт.

Жоғары сотта Черченконың бірінші қуынымы бойынша №1 емхананың жауап берушілерін моральдық өтемақы ретінде 7 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Ал екінші қуыным бойынша, Оралдағы облыстық клиникалық ауруханадағылар 3 миллион теңге төлеп беруі тиіс.

«Жоғары соттың шешіміне разымын. Қуаныштымын. Тек әділдікке жету үшін ұзақ уақыт күрескеніміз ренжітеді. Әрине, көз жанарын ақшамен өлшеуге болмайтынын түсінемін. Жалпы, адамның ешбір ағзасын ақшамен өлшеуге келмейді. Алайда бұл ақша жанарымды қалпына келтіруге және емге жетеді деп үміттенемін», — дейді Черченко.

Жас жігіт көз жанарын қалпына келтіру үшін шетелде емделуді армандайды. Алайда жанарын толықтай қалпына келтіру мүмкін емес. Десе де ол ғылым бір орында тұрмайды және шетелдік дәрігерлер жолын тауып, көмектеседі деп үміттенеді.