Көшенің қақ ортасында студентті ұрған оқытушы жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көшенің қақ ортасында студентті ұрған оқытушы жұмыстан қуылды

Көшенің қақ ортасында студентті ұрған оқытушы жұмыстан қуылды

Студентті көшенің қақ ортасында шалып жығып, қашып кеткен оқытушы жұмыстан шеттетілді.

  • 3 Қыркүйек 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz


Алматыдағы жеке меншік оқу орнының басшылығы бұл жәйт педагогтардың арына кір келтірді деп отыр. Ал,  2 курс студенті полицияға шағым түсірген.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Қаладағы іргелі оқу орындарының бірінде оқитын 2 курс студенті түстену үшін асханаға бет алғанда өзіне қарама-қарсы келе жатқан бейтаныс адам оны аяғынан шалып жыққанын тайтады. Күтпеген жағдайдан студент асфальттың үстіне құлап, беті, үсті-басы сырылып, бір тісі сыныпты. Онымен қоса ұялы телефоны мен қол сағатына да зақым келген. Енді оның анасы күдіктінің жауапқа тартылғанын қалайды. 

МАҚПАЛ, АЛТЫНАЙДЫҢ АНАСЫ:
“Кешірім сұрады. Көмегін ұсынды. Ұсынды дегенде өзінің телефон, сағат, бір тісін сындырған. Бәрінің қаражатын көтеремін деді. Біз оған ештеңе деген жоқпыз. Ол өзі солай айтты. 01.18+02.26 бетіндегі жарақаты кетіп жатыр. Аз қалды. Тізесіндегі, қолындағы, аяғындағы жарақаты әлі бар, ауырады”

Ал өз берінше кетіп бара жатқан бойжеткенді мертіктірген адам іргелес орналасқан оқу орнында дәріс береді екен. Алексей Хаджиев арам ойы болмағананын, асығып бара жатып, қағып кеткенін айтады. Енді бойжеткенге келтірген барлық шығынды өтеп, істі сотқа жеткізбей шешуді көздеп отыр. 

АЛЕКСЕЙ ХАДЖИЕВ, УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫСЫ:
“Көше қиылысында маған қарсы бір қыз келе жатты. Мен оны қағып кеттім, нақтырақ айтқанда аяғынан шалып кеттім. Артыма бұрылып орнынан тұра бастағанын көріп ары қарай кете бердім. Қарасам мені қуып келе жатыр. Жәбірленушімен хабарласып, барлық шығындарын өтеп беретінімді жеткіздім”

Ал оқу орнының басшылығы келеңсіз жағдай туралы әлеуметтік желіден естіп біліпті. Оншақты жылдан бері университетте ағылшын тілінен сабақ берген ұстаздың бойынан бұрын соңды ерсі қылықты байқамағандарын айтады. Мәселенің мән-жайы анықталғанша мұғалімді жұмыстан уақытша аластатқан.

НАТАЛЬЯ ГЕРАСМИМОВА, УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
“Біз бұл жағдайды ұстаздардың атын кір келтіру деп бағалаймыз. Біздің тәжірибемізде алғаш рет орын алып отыр. Сондықтан сабақ беруден бірден шеттеттік. Қазір құзырлы органдар айналысуда. Біз нақты бағасын береді деп ойлаймыз”.

Осы оқиғадан кейін жәбірленуші студент бірден полицияға шағым түсірген. Қазір тергеу амалдарын қолға алған сақшылар педагогтың не себепті мұндай қадамға барғанын анықтап, тиісті шаралар қолданбақ.