"Дастархан мен дәретхананың арасы": Мұхамеджан Тазабеков әлсіз адамдар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дастархан мен дәретхананың арасы": Мұхамеджан Тазабеков әлсіз адамдар туралы

"Дастархан мен дәретхананың арасы": Мұхамеджан Тазабеков әлсіз адамдар туралы

Мұхамеджан Тазабеков әлсіз адамдар туралы айтты.

  • 6 Қыркүйек 2019
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі leylalife бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі ақын адамдардың не себепті жеке мәселелерін шеше алмай, қиындығы көбейіп кететінін түсіндірді. Ондай адамдар үлкен мақсат қоя білгенде ғана бәрі оңалуы мүмкін дейді ол. Өйткені ұсақ-түйекті әңгіме етіп, соны мақсат тұтатын ұсақ адамдардың қиындығы үлкен болатынын айтты ол. 

"Адамның арманы, алдыға қойған мақсаты биік болатын болса, өмірде кездескен кедергілер кішірейеді. Ал адамнның мақсаты мен алдыға қойған дүниесі қысқа қашықтықтағы дастархан мен дәретхананың арасындағы бір пендешіліктің үстіне құрылған құндылықтар болатын болса, оның алдынан кездескен кедергіден үлкен дүние жоқ", — дейді Мұхамеджан Тазабеков. 

Сонымен қатар, Тазабеков болымсыз сынақтарға сынбайтынын, оларға мән бермейтінін жеткізген. Біреумен алысып жүргенде уақытым өтіп кетеді, ал уақыт маған маңызды дейді ол. Осылайша ақын жұртты ұлы мақсаттар қоюға шақырды. 


"Болымсыз ғана сынақтар оны болдыртып тастайды. Тіптен сыныртып, шаршатып тастауы да мүмкін. Сондықтан мен өзімнің өмірімде адамгершілік принціптерді ұстанайын, ұлтыма, еліме пайдам тисін деген үлкен мақсат қойған кезде пенденің пендешілігіне ілініп, сонымен ырылдасып, оған уақытым мен энергиямды жұмсамаймын", — дейді Мұхамеджан Тазабеков.