Айгүл Орынбек: Еден жудыру реформа емес, жәй ғана пиар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Орынбек: Еден жудыру реформа емес, жәй ғана пиар

Айгүл Орынбек: Еден жудыру реформа емес, жәй ғана пиар

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек оқушылардың еден жууына не себепті қарсы шыққанын түсіндірді.

  • 12 Қыркүйек 2019
  • 94
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

"Өзім педагогика саласында жұмыс істегенмін. Әліде жастар арасындағы суицид , қылмыстық істерді зерделеп жүрмін. Жалпы жастар тақырыбына терең үңілемін!
Ия бәріміз жудық еденді, бәріміз мақта теруге бардық. 
Бірақ ол заманда, бай кедей болып бөлінбейтін. Ал қәзір оқушының статусын ашық көрсетіп қойған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ақылы мектепте оқитын қай бала еден жуады? Идеологиясы өлген елде өмір сүріп жатырмыз. Білім министрі еден жууды емес, ең бірінші бір баспадан кітап шығаруды, мектептегі мұғалім мәртебесін көтеруді , мектептегі дәретхана, жемқорлық мәселесін дұрыстасын! Бала саны көбейіп, мектептер жетіспей жатқанда, еден жудыру реформа емес, жәй ғана пиар", — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандық мектептердің бірінде сабақтан кейін балалардың еден жуатыны туралы ақпарат тараған болатын. Бір бұл бастаманы қолдаса, бір бұл бастамаға қарсы шықты.