Батыр Байназаров "Ringo" тобынан кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыр Байназаров "Ringo" тобынан кетті

Батыр Байназаров "Ringo" тобынан кетті

"Ringo" тобының белді мүшесі Батыр Байназаров топтан кетті.

  • 16 Қыркүйек 2019
  • 108
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Байназаров топтан кететінін "Gakku дауысы" концертінің сахнасында хабарлады.

"Бүгін мен Ринго тобында соңғы рет өнер көрсетемін. Продюсеріміз, анамызға Алуа Қонароваға, жігіттерге және жанкүйерлерімізге рақмет", — деді Батыр Байназаров.

Ал топ продюсері Алуа Қонарова instagram желісінде Батыр жайлы жазба қалдырды.

"2005 жылы Рингоға бірінші болып Батыр келген еді, ол бірінші болып топтан кетті. Солай болып жатады. Дегенмен де ол шығармашылық салада қалады деген ойдамын. 14 жыл көп нәрседен өттік. Талантты әнші, композитор, актер, керемет адам. Ал Ringo өз жұмысын әрі қарай жалғастыра береді", — деп жазды продюсер Алуа Қонарова.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Конарова Алуа Курманалиевна (@aluakonarova) on