Алматы қаласындағы барахолкада өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласындағы барахолкада өрт шықты

Алматы қаласындағы барахолкада өрт шықты

Алматы қаласында барахолка аумағында орналасқан «Кенжехан» базары өртенді.

  • 22 Қыркүйек 2019
  • 7
Фото - Caravan.kz

Өрт туралы хабар 21 қыркүйек күні сағат 23:53 кезінде келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаланың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Бірінші жасақ 6 минуттан кейін келді. Олар келген кезде аумағы 15 шаршы метр болатын ұялы телефондарға арналған аксессуарлар сатылатын бірқабатты павильон өртеніп жатыр еді. Яғни басқа контейнерлерге таралу қаупі болды. Адамдардың бар-жоғы анықталып, жақын маңға автоцистерналар орнатылды», — делінген хабарламада. 

Қызыл жалын 00:09 және 00:22 кезінде ауыздықталды. Зиян шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.