Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісінде мәлімдеді.
«2019 жылғы 23 қыркүйекте ҚР ІІМ мәліметтер базасында техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралын қайта тіркеу және тіркеуге қою қызметтері сағат 10.30-12.30 және 17.00-19.00 аралығында жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Айта кетейік, бұл қызметтер, аталған уақыт аралығында, сондай-ақ электронды үкімет порталында да қолжетімсіз болады», — делінеді хабарламада.
Мемлекеттік корпорациядағылар көлік иелерінен уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік білдіруін сұрады.