Оралда үш азамат киіктің еті деп адамның денесін көлікпен тасыған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда үш азамат киіктің еті деп адамның денесін көлікпен тасыған

Оралда үш азамат киіктің еті деп адамның денесін көлікпен тасыған

23 қыркүйекте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Орал қаласының үш тұрғынына үкім шығарды.

  • 24 Қыркүйек 2019
  • 1030
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой городқа сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы Алтынбек Бимұратов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» және 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ең жоғарғы қауіпсіздіктің қылмыстық-түзеу жүйесінде өтейді. Сонымен қатар, ол зардап шеккен тарапқа моральдық және материалдық шығын ретінде 4,1 миллион теңге төлеуі керек.

26 жастағы Нұрсұлтан Кеңесов пен 21 жастағы Әділбек Жардемов те ҚР ҚК-нің 432-бабы «Қылмысты жасыру» бойынша кінәлі деп танылды және сот процесі кезінде үй қамауында болғанына қарамастан, екі жылын орташа тәртіптегі түрмеде өткізеді. Олар дәл сот залында қамауға алынды.

Қайғылы оқиға 2019 жылдың 15 сәуірінде болды. Іс материалдарына сәйкес, Алтынбек Бимұратов пен 46 жастағы Жанар Нұрғазиеваның арасында ақша үшін жанжал болған. Нұрғазиева Бимұратовтан қарызын талап еткен. Оны сөмкесімен ұрып кетіп бара жатқанда, айыпталушы артынан барып қылқындырған. Кейін жедел жәрдем шақырудың орнына телефоны ме 500 мың теңге ақшасын жымқырған. Екі серіктесін шақырып, оларға 30 мың теңге беріп, үлкен сөмке әкелуге жұмсайды. Екі Нұрсұлтан Кеңесов пен Әділбек Жардемов қылмысты хабарлаудың орнына, базардан сөмке әкеледі. Үшеуі мәйіттен құтылу үшін такси шақырады. Такси қызметімен студент жігіттер келеді. Ол жүк тиеуден бас тартқанда оған 30 мың теңге ұсынады. Сөмкеде киіктің еті екенін айтады.

Осылайша мәйітті қала сыртына апарып тастайды. Таксист студенттер куәгер есебінде жауап берді. 


Сот үкім шығарған кезде Бимуратовтың екі кәмелетке толмаған баласы бар екендігі, Кеңесовтің бір бала тәрбиелейтіні, сонымен қатар Жардемовтың жас ерекшелігі де ескеріледі.

"Бимуратов әйелді өлтіргісі келмейтінін айтып, кінәсін ішінара мойындады. Кеңесов пен Жардемов Бимуратов оларды өлтіремін деп қорқытқанын, сондықтан олар қылмыс туралы хабарламағанын мәлімдеді. Олардың полиция шақыруға мүмкіндігі болған. Мәйітті тасымалдаған такси жүргізушілері істің куәгерлері ретінде өтті, өйткені олар әйелдің денесі сөмкеде жатқанын білмеді", — деп қосты судья.