Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумов бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов пен оның жаттықтырушысын қабылдады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Аймақ басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан спортшыны құттықтап, сәттілік тіледі және Ақтаудағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Жаңаөзен қаласының №2 жастар мектебінде онымен бірге жұмыс жасаған боксшының алғашқы жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион теңге көлемінде сертификат табысталды. Нұрдәулетовтың қазіргі жаттықтырушысы Марат Жакиев 5 миллион теңгеге сертификат алды.
Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында Бекзат Нұрдаулетов Қазақстан құрамасына жалғыз алтын медаль әкелді. Финалда төрешілердің бірауызды шешімімен ол өзбек Дилшодбек Рузметовті жеңді — 5: 0 (81 кг).
Бұған дейін мемлекет басшысының спортшыны құттықтаған жазбасынжариялаған едік.
«Бекзаттың үлкен спорттық болашағы барына сенімдімін. Токиодағы Олимпиадада оған жеңіс тілеймін!» — президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
Бекзат Нұрдәулетов төрт бірдей қарсыласын нокдаунға жіберді. Сондай-ақ, ол өз жеңісін қазақ еліне арнайтынын айтты.