«Атырау» футболшысы ауыр жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Атырау» футболшысы ауыр жол апатына ұшырады

«Атырау» футболшысы ауыр жол апатына ұшырады

21 қыркүйекте Атырауда екі көліктің соқтығысуы салдарынан «Атырау» футбол клубының 23 жастағы қорғаушысы Дәурен МӘЖИТОВ ауыр жарақат алды.

  • 24 Қыркүйек 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

Ол түрлі сынықтармен, оның ішінде омыртқа зақымдарымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жас футболшының жағдайы өте ауыр деп бағалануда, қазір дәрігерлер қан донорларын іздестіріп жатыр.

— Иә, өкінішке орай, ол көлік рөлінде болған. Көлікте тек Дәурен болыпты. Қазір қан іздестіріп жатырмыз. Біздің жігітіміз сүйікті футболына қайта оралып, «Атырау» намысын қорғауды жалғастырады деп үміттенеміз, — деп хабарлады «АЖ» тілшісіне «Атырау» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы  Қуаныш ҚАБДОЛОВ.

Атырау облыстық Полиция департаментіндегілер әзірге жол-көлік оқиғасы туралы әлі түсінік берген жоқ.

«Екінші» нөмірлі ойыншы Дәурен Мәжитов маусым басталғалы бері алаңда 1275 минут өткізіп, 1 гол соқты.


— 21 қыркүйекте таңғы сағат бесте Атырауда жол-көлік оқиғасы орын алды — «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «УАЗ» көлігімен соқтығысқан. «Лада» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.