Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері қамауға алынды

Медициналық мекеменің бас дәрігері Қанат Тезекбаев кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  • 25 Қыркүйек 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев қамауға алынды. Екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын №2 мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қолданды.

Бұл ақпаратты дәрігердің жұбайы Дина Тезекбаева растады.

"Сот 22 қыркүйекте өтті, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы, 3-бөлігі "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша айып тағылды", — деп хабарлады әйел Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде.  

Оның айтуынша, жұбайы бас дәрігер лауазымынан уақытша шеттетілген.

Ұлттық медициналық қауымдастық та Тезекбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

"Иә, оны жексенбіде ұстады. Бізге ақпарат түскен бойда адвокат іс материалын зерттейді және біз оларға қол жеткізе аламыз. Содан кейін не істеу керектігін шешеміз", — деді қауымдастық президенті Айжан Садықова.

Тағы оқыңыз:
 Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме беруге қиналды.

"Біз ақпаратты нақтылап жатырмыз", — деп мәлімдеді қалалық соттың ресми өкілі Дияс Махамбетов.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.  

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/incidents/20190924/11616407/Almatydagy-4-qalalyq-aurukhananyn-bas-darigeri-qamauga-alyndy.html