Қызылорда облысында жұмысқа тұрғызу үшін 600 мың теңге пара алған шенеунік айыппұл төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында жұмысқа тұрғызу үшін 600 мың теңге пара алған шенеунік айыппұл төлейді

Қызылорда облысында жұмысқа тұрғызу үшін 600 мың теңге пара алған шенеунік айыппұл төлейді

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды.

  • 25 Қыркүйек 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ басшысы А. Ахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол К.Берженбаев деген азаматтан аталған мекемеге жұмысқа орналасқаны үшін 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

24 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотының үкімімен Ахметовке пара алғаны үшін 30 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Осы үкім бойынша пара берген азамат Берженбаевқа 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.