Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалды деген хабар тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалды деген хабар тарады

Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалды деген хабар тарады

Әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат тарады. 

  • 26 Қыркүйек 2019
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Жарас Ниязбек Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Келгеніне екі ай болған әкімнің орынбасары бүгін, 26 қыркүйекте тұтқындалған.

"Багдат Манзоров журналистер үшін ең доступный, ашық әкім еді. Бүгін ұсталды деген ақпарат тарады. Алатау ауданын басқарғанда талай істі тындырды", — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Бағдат Манзоров 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол спорт саласында және мемлекеттік қызметтерде түрлі жұмыстарды атқарған.

Бұрынғы әкім орынбасары Алатау, Көксу аудандарының құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері.


Манзоров осы жылдың 12 шілдесінен бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне кіріскен болатын.