Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ФОТО)

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ФОТО)

Жол апаты Алматыдағы үлкен Алматы каналы бойында Өтемісұлы көшесінің қиылысында болды.

  • 30 Қыркүйек 2019
  • 31
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша, Audi 100 көлігі батыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Ол шығысқа қарай бет алған Nissan Almera көлігіне жол бермеген.

Қатты жылдамдықпен келе жатқан Nissan Audi көлігінің бүйіріне соғылды. Соққының қатты болғаны соншалық Audi арықтан ұшып кеткен. Ал Nissan көлденеңнен көшенің қақ ортасына түсті..

Апат салдарынан төрт адам: Nissan Almera көлігіндегі әйел мен екі баласы және Audi-дің жүргізушісі зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталады.