Бағдат Мәнізоровқа қандай айып тағылғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бағдат Мәнізоровқа қандай айып тағылғаны белгілі болды

Бағдат Мәнізоровқа қандай айып тағылғаны белгілі болды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қандай айып тағылғаны белгілі болды.

  • 2 Қазан 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Қызметтік бабын асыра пайдалану және аса ірі көлемде алаяқтық" бабы бойынша айып тағылған. Тергеуші прокуратураға үй қамауынла ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындауды сұрады", — делінген хабарламада. Мәнізоровтің ісі әлі сотқа түспеген Қалған мәлімет тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 25 қыркүйекте Мәнізоров іс-сапарға шыққан. Ал оның ұсталғаны туралы ақпарат келесі күні пайда болды. 27 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Мәнізоровтың ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады.