Мәдениет министрі Жолдыбаеваның клиптері туралы: Маған ұнамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрі Жолдыбаеваның клиптері туралы: Маған ұнамайды

Мәдениет министрі Жолдыбаеваның клиптері туралы: Маған ұнамайды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Кәмшат Жолдыбаеваның "Карамель" әніне түсірілген бейнебаяны туралы ойын ашық айтты.

  • 3 Қазан 2019
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Талқылайық" бағдарламасына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист Аман Тасығанның "Карамельдерге қалай қарайсыз?", — деген сұрағына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова былай жауап берді:

"Жалпы өзімнің жасыма қарай, талғамыма қарай бұл нәрселер маған ұнамайды. Қазақтың әдет-ғұрпына, қазақтың тағылымына келмейтін нәрселер деп ойлаймын", — деп айтты Мәдениет және спорт министрі.


Соңғы жаңалықтар