"Понтсыз қазақ – қазақ емес": Жұрт ақшадан тігілген шапанды сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Понтсыз қазақ – қазақ емес": Жұрт ақшадан тігілген шапанды сынап тастады

"Понтсыз қазақ – қазақ емес": Жұрт ақшадан тігілген шапанды сынап тастады

Әлеуметтік желіде тойда ақшадан жасалған шапан жұртты таң-тамаша етті. Көпшілік өзіне осындай сый берілсе, бас тартпайтынын жазып жатыр.

  • 3 Қазан 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

«Мына шапанды банкке киіп бару керек қой» деп әзілдеді асаба. 

Әлеуметтік желі қолданушылары да өз кезегінде мұндай шапаннан бас тарта қоймайтынын жарыса жазды. Арасында мұның артық мақтан екенін айтып сынағандар да болды. 

«Понтсыз қазақ – қазақ емес», «Құдадан келесі құдаға сыйлыққа берілмейтін жалғыз шапан», «Мәдениет деңгейі түптің түбіне түсті деген осы», «Киген адамнан ұят пен иман, сана мен сезім алшақ жүреді деп ойлаймын.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Stan.kz (@_stan.kz) on

Ендігі жеткен жетістік осы болды, дарақы қазақтар», «Әйел қатты ұялып кеткен сияқты. Сол үшін көз жасын сүртті ғой деймін», «Ұялғаны соншалық басын жерден көтере алмады», «Маған керісінше ұнады. Мұндай шапаннан бас тартпайтын едім», «Неге адамдар әзіл түсінбейді» деп жазды желідегілер.