«17 қыркүйек күні шамамен сағат 09.30-да орман арасынан үйден 100 метр жерден 1998 жылғы қыздың денесі табылды. Тексеру барысында оның мұғалім болып жұмыс істегені анықталды», — деді полициядан.
Белгілі болғандай, 21 жастағы қыз 16 қыркүйек күні сағат 08.00-де өзінің «Фольксваген Венто» автокөлігімен жұмысқа кетіп, кешке үйіне оралмаған. Телефон қоңырауына жауап бермеген. Оны асулы күйінде 1984 жылғы көршісі қоқыс шығару кезінде тапқан.
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм ауылға жаңадан келген жас маман. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған.