"Facebook" желісіндегі жазба үшін отандық журналист екі жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Facebook" желісіндегі жазба үшін отандық журналист екі жылға бас бостандығынан айырылды

"Facebook" желісіндегі жазба үшін отандық журналист екі жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысының белді журналисті Аманкелді Батырбек екі жыл, 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

  • 8 Қазан 2019
  • 139
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналисті бас бостандығынан айырған «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жазбалары

Сот құжаттарынада былай деп жазылған:

Сотталушы А.Батырбеков өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында 11.01.2019 жылы жариялаған «Торғай аулау ма әлде «тупить» ету ме?» атты жазбасында, 23.02.2019 жылы жариялаған «Ақшаң болса қалтаңда талтаң да талтаңда немесе Келестегі кеңкелестік-3» атты жазбасында, 24.02.2019 жылы жариялаған «Мұқағали давай до свидания 2 немесе Келестегі кеңкелестік-4» атты жазбасында, 19.04.2019 жылы жариялаған «Құдам бар, не қамым бар немесе Келестегі кеңкелестік-6» атты жазбасында және 08.05.2019 жылы жариялаған «Қандай үкім немесе Келестегі кеңкелестік-7» атты жазбасында жәбірленуші Б.Абдиевтің ар- намысы мен қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер бар «Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы «Келестегі кеңкелестік- 5» деген постымызда, Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевтің сыбайластыққа жол қойса да «тоқетерге» ұқсаған жеңіл шарамен құтылып кеткенін жазған едік.»; «Келес заврайоносы» Бахтияр Абдиевтің заңсыздыққа қорықпай бара алатын «батылдығына» тәнтігімізді айттық»; «Директорлықтан босап қалған 63 адамды, Келестің «Заврайонасы» Бахтияр алады да конкурссыз, дәнеңесіз қайтадан сол мектептеріне директор етіп тағайындай салады!»; «Мысалы, балалар саз мектебінің директоры Умаргазиева Зүлфия апайды қайта директор ғып тағайындау үшін «заврайоно» Бахтияр Абдиев одан 3-ақ мың доллар сұраған көрінеді»; «Түк болмады дегенде, Бахтияр Абдиев мынадай заң бұзушылықтарымен атқарып отырған қызметімен хош айтысу керек болатын»; «Алдыңғы серияда аудандық білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевтің мектеп директорларын тағайындағанда заңды белден басатынын, себебі сенген «крышасы» мықты екенін және ол «крышасының» кім екені жайлы болжамымызды келтіргенбіз» — деген мәліметтерді жариялап, яғни бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жәбірленуші Б.Абдиевті «сыбайластыққа жол қойған», «конкурссыз, дәнеңесіз қайтадан сол мектептеріне директор етіп тағайындаған», «заңсыздыққа қорықпай бара алатын», «заңды белден басатын» деген сөздеремен және «Умаргазиева Зүлфия апайды қайта директор қызметіне тағайындау үшін Бахтияр Абдиев одан 3-ақ мың доллар сұраған көрінеді» деп меңзеп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасады деп айыптап, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн және беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдаланып таратып, жала жапқан. Сонымен қатар, А.Батырбеков өзінің «Facebook» әлеуметтік желісінде жариялаған жоғарыда көрсетілген жазбаларында жәбірленуші Б.Абдиевтің абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін «…Келес аудандық білім бөліміне басшы қылып Бозайдың тупой әкімі Бахтияр Абдиевтің тағайындатқан…» — деген мәтіндегі мәліметтерді жариялап, яғни бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдаланып жәбірленуші Б.Абдиевтің абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтіп, қорлаған. 

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық соты журналист Аманкелді Батырбековке Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2-бөлігін қолданып, қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 2 жыл, 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.


Жәбірленуші Б.Абдиевтің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталушы Аманкелді Батырбеков жәбірленушіге моральдік шығын ретінде 567 500 теңге төлеуі тиіс.