Қайғылы оқиғаға байланысты апаттың неден болғанын ПД мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Апат Бұқар жырау ауданында Теміртау қаласынан екі шақырым жерде орын алды. Белгілі болғандай, Разин көшесімен келе жатқан "Volkswagen" автокөлігінің 66 жасар жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан "Теміртау-Астана" тасжолында келе жатқан "Scania" маркалы жүккөлігімен соқтығысқан. Жүккөлігін 28 жастағы ер адам басқарған.
Ауыр соққыдан "Volkswagen" автокөлігінің жүргізушісі мен ішіндегі үш жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпастан кеткен",- деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол полициясы қызметкерлері қайғылы оқиғаға байланысты сараптама жүргізіп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын атап өтті.