KeshYou - Қош енді әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KeshYou - Қош енді әнінің сөзі

KeshYou - Қош енді әнінің сөзі

Әні: Шоқан Уәлиxан

  • 14 Қазан 2019
  • 3281
Фото - Caravan.kz

Сөзі: Асқар Дүйсенбі, Берік Jigga

Бақытты біткені ме өмірім

Тұр неге сөндірулі нөмірің?

Сезгендей бір салқындықтың лебін

Бұлқынады бұл көңілім

Ешкімді тыңдамай, сүйіп ем арман ай,

Шынымен бәрі осы мен бітті ме, бұл қалай?

Қайырмасы: 

Бәрі де құр елес, бос енді

Болмаймыз ешқашан біз жақын дос енді

Жүректі қинайды, қайтейін

Қош енді, қош енді, қош енді, қош енді

Шығарып салып едің соңғы рет,

Жанарым қалып еді мөлдіреп,

Қаласам да қаншама рет енді

Соға алмайды бірге жүрек

Бұлақтай сылдырап, мұңайдым тұнжырап

Барасың бағымдай алыстап, сағымдай бұлдырап.

Қайырмасы:

Ойланам кейде

Бұл сезімге "жоқ" деуге мүлде

Бармайды батылым неге?


Көзбе-көз екеуміз қалған кезде.

Мүмкін оны қаламаймын

Мүмкін жалғыз бола алмаймын

Оған тағы мүмкіндік беруге тұрмайды

Өмір деген бумеранг — қайта келіп ол алдайды.

Ойланам кейде

Алдады неге?

Жоқ болды демде

Сезім де менде.

Бал қосқан уыңды татырдың

Алғашқы сезімді жаныма батырдың

Сөздеріңе жалған көп рақмет,

Сау бол, махаббатты қатырдың!

Қайырмасы: