"Ғашық болып қалдым": Әнуар Нұрпейісовтің елден не үшін кеткені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ғашық болып қалдым": Әнуар Нұрпейісовтің елден не үшін кеткені белгілі болды

"Ғашық болып қалдым": Әнуар Нұрпейісовтің елден не үшін кеткені белгілі болды

Көп уақыт үзілістен кейін Әнуар Нұрпейісов youtube арнасына қазіргі өмірі туралы видео жүктеп, елден не үшін кетіп қалғанын жасырмай айтты.

  • 15 Қазан 2019
  • 53
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі Шри-Ланкада жүріп аталған мемлекетпен «некелескендей» әсерде екенін бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бүгін мен үшін маңызды күн. Өйткені біз қалаға бара жатырмыз. Сол жерде Валик Куранест есімді азаматтың қонақүйін үш жылға жалға аламын», — деп қуанышын бөлісті актер. 

Әрі қарай ол аталған елге алғаш рет 2019 жылы келіп, оның көз тоймайтын сұлулығына ерекше тамсанғанын жасырмады. 

«Жылдың басында Шри-Ланканың Сигирия деп аталатын жұмағына тап болдым. Бұл жер өзінің тарихымен және табиғатының сан-алуандығымен ерекшеленеді. Небәрі 4 күн ішінде осы жерге қатты ғашық болып үлгердім. Кейін Валик Куранест хабарласып, маған осы жерді 3 жылға жалға бере алатынын айтты. Барлығы осылай басталды. Шри-Ланкамен «неке келісімшартына» қол қойғандай әсердемін», — дейді Әнуар Нұрпейісов. 

Мұнымен қатар, ол отанымен кемінде үш жыл қауышпайтынын жасырмады. Толық құқығы бар менеджер ретінде бірінші кезекте Booking.com сайтындағы қонақүйінің суреттерін өзгертпек. Айтуынша, кез келген турист қонақүй туралы ақпаратты ең бірінші көріп қабылдайды.