Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі Мәншүк Аймұрзиеваның отставкаға кетуін түсіндірді.
"Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі, жыл сайын дәрігерлердің мұқтаждықтарына қарай қажетті қаражат бөлінеді, қаржыландыру өсіп жатыр, перзентханалардың, ауруханалар мен медициналық мекемелердің қажеттіліктері шешіліп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы талаптарды барлық нормаларға сай орындау бойынша жұмыс істеу үстінде. Кінәлілердің барлығына тиісті шаралар қолданылады. Денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды", — деді баспасөз қызметі өкілі.