Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 2 мыңнан астам жол ережелерін бұзған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 2 мыңнан астам жол ережелерін бұзған

Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 2 мыңнан астам жол ережелерін бұзған

Жамбыл облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында бір аптада 4386 құқық бұзушылық анықталды.

  • 20 Қазан 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz


Оның 2171-і қоғамдық көліктердің жүргізушілері жасаған жол ережелерін бұзу оқиғалары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Ағымдағы жылдың 10-17 қазаны аралығында Жамбыл облысы аумағында ІІО 419 қызметкерінің қатысуымен «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. «Жылдамдықты арттыруға байланысты ҚР ӘҚБтК 592-бабы бойынша 385 факт тіркелген. Сондай-ақ, 343 жүргізуші маневр жасау ережелерін сақтамаса, 316 адам жүргізу кезінде телефонды пайдаланған және тағы да басқа құқық бұзушылықтар анықталды. Іс-шара барысында 20 қоғамдық көлік айып тұрағына қамалды»,-дейді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Өдергенов. Айта кетейік, «Автобус» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде өңірде автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.