Мақпал Жүнісова қаршадайынан балаларын сахнаға шығаратын әншілерге наразылығын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақпал Жүнісова қаршадайынан балаларын сахнаға шығаратын әншілерге наразылығын білдірді

Мақпал Жүнісова қаршадайынан балаларын сахнаға шығаратын әншілерге наразылығын білдірді

Мақпал Жүнісова қаршадайынан балаларын сахнаға шығаратын әншілерге наразылығын білдірді.

  • 25 Қазан 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

Танымалдардың баласы танымал болу шарт емес! Дәл осылай дабыл қаққан Мақпал Жүнісова қаршадайынан ұл-қызын сахнаға сүйреп, жұлдызды өмірге бейімдейтін әріптестерінің әрекетін түсіне алмай әлек. Бұл жайында Shownews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты.

Мәселен, халық әртісінің Мерейі музыкаға жақын, әнге әуес. Бірақ, Жүнісова жалғыз қызынан «жұлдыз жасауға» құлықты емес.

«Өнерге жақын. Бірақ, әнші болмаймын дейді. Концерттерге, театрға барады, өлеңдерді көп тыңдайды. Әншілердің бәрінің атын жатқа біледі. Бірақ, өзі әнші болмаймын деп шешті. Қуаныштымын. Әнші болу оңай емес», – дейді Мақпал Жүнісова.

«Анасы үшін өнер жолынан гөрі, балалық шағының бақыты маңыздырақ! Десек те, ел алдында жүрген жұлдыздардың өз перзенттерін жаппай жұрт назарында ұстауы әдетке айналғандай. Тіпті, Қайрат Нұртас екі ұл мен қос қызын айлап әнсапарға алып жүреді. Мұндай жағдайға Мақпал ханым мүлдем қарсы.

«Өйткені, ол бала – ел баласы сияқты бәрі бірге мектепке бару керек. Мен қызыма олай жасамаймын. Сен менің қызымсың. Халық әртісінің қызысың. Гастрольде жүруің керек, бірге еріп жүруің керек, қайта-қайта теледидарға түсуің керек деген әңгіме жоқ біздің үйде. Өзі де жақсы көрмейді», – дейді Халық әртісі.                                                                                                                  

Ал, Сиви бүгінде бір бұрымды мен екі ұлдың анасы. Махмұттың қызы кез-келген бала жүрек қалауына бағыну керектігін айтады.

«Мен қалағаныммен, ертен болашақта олардың не болатынын білмеймін ғой. Мысалы, қазір әртіс болмайды десем, әртіс болып кетсе. Алдын-ала болжап неғыламын. Сол үшін болашақтың еншісінде» , – дейді Сиви Махмуди.

                                                                                                                                                   Ақпарат көзі: zanmedia.kz