"Древний Римдегі" жаппай төбелес: Қарағандыда сотталушыларға үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Древний Римдегі" жаппай төбелес: Қарағандыда сотталушыларға үкім шықты

"Древний Римдегі" жаппай төбелес: Қарағандыда сотталушыларға үкім шықты

 

  • 4 Қараша 2019
  • 49
Фото - Caravan.kz


Сот Юсуф Нурулуды адам өлтіргені және қару қолдану арқылы бұзақылық жасады деген айып бойынша кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қауіпсіздігі максимал қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтейтін болады. Жәбірленуші тараппен мәмілеге келу барысында және материалдық өтемақы төлеген екі күдікті — Сохак Малхасян мен Армен Хачатрянды сот қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Тағы алты сотталушы Торгома Малхасяна, Хачатура Оганнисяна, Жасура Пирова, Каира Надырбекова, Давида Галкина және Васифа Нурулу сот 4 жылдан 6 жылға жейін бас бостандығын шектеді. "Сотталушы Илья Щурок, Тигран Степанян, Арман Оганнисян және Болат Жұмамұратов сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздігі орта қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтейтін болады. Барлық сотталушылар жазасын өтеп болған соң Қазақстан аумағынан шығарылып, бес жыл кіруіне тыйым салынады. Еске салайық, 1 қаңтарда Қарағандыда "Древний Рим" мейрамханасының жанында жаппай төбелес салдарынан 23 жастағы жігіт қаза тапты. Тағы үш адам ауруханаға пышақ жарақатымен түсті. Тергеу органдарының болжамы бойынша, мейрамхана келушілері, мейрамхана иелері мен қызметшілері төбелескен. Сондай-ақ, қаза тапқан Рахымжан Жансейіт сол түні мейрамханаға достары қоңырау шалған соң келгені анықталды. Олар оны көмекке келуін сұраған. Екі топтың жанжалдасуы нәтижесінде Рахымжан мен тағы екі жігіт жарақат алған. Юсуф Нурула Рахымжан Жансейтке бірнеше рет пышақ ұрған. Бұл оқиғадан кейін Армения азаматы Нарек Гуруян Қазақстаннан қашып, 9 қаңтарда Омбы облысының аумағында ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске алынды