«Әйеліне қазақша сөйлете алмаған сорлы»: Мейрамбектің келіншегі тыңдармандарын ашуландырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әйеліне қазақша сөйлете алмаған сорлы»: Мейрамбектің келіншегі тыңдармандарын ашуландырды

«Әйеліне қазақша сөйлете алмаған сорлы»: Мейрамбектің келіншегі тыңдармандарын ашуландырды

Өнер иесінің келіншегі туған күніне қандай сыйлық берерін білмей, көп ойланғанын айтты.

  • 10 Қараша 2019
  • 17776
Фото - Caravan.kz

Күні кеше ғана танымал эстрада әншісі Мейрамбек Беспаев 43 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Мейрамханада сөз алған келіншегі Мархабат Беспаеваның жұрт дымын қоймады, деп жазады Skifnews.kzақпарат порталы.

Өнер иесінің келіншегі туған күніне қандай сыйлық берерін білмей, көп ойланғанын айтты. Соңында Испанияда өтетін Реал мен Барселона матчына билет алғанын жеткізді.

Оның осылайша орысша сөйлегені тыңдармандарының шамына тиді.


«Мейрамбекті сүйіп тыңдаймын, бірақ, мына қылығы жарамады. Елдің алдындағы адамдар тілді құрметтеуі керек», «Әйеліне қазақша сөйлете алмағаны несі?», «Сорлы», «Қатынына билігі жүрмегесін нағыз намыссыз, рухсыз сорлы болғаның ғой», — деп жазды олар.