Отандық денсаулықсақтау саласына қаржының жетіспеушілігі мәселесі талай жылдан бері талқыланып келе жатыр. 2010 жылдан бері елде ауқымды дайындық жұмыстары алдымен осы МӘМС-ті іске қосу арқылы жүргізіле бастады. Бұл жүйе арқылы медициналық ұйымдар табысқа кенеліп, тұрмысын түзеуге мүмкіндік алады. Алайда бұл жағдайда қаржыны тиімді бөлу негізгі шешуші фактор болып саналады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» мамандары атап өткендей, бүгінде өкінішке қарай, басшылардың барлығы бірдей сапалы менеджментке қатысты біліктілігімен мақтана алмайды. Сондықтан, тиісті менеджменттің жоқтығынан бюджетті жоспарлау мен оны алдағы кезеңде бөлуде ауруханалар және емханаларда үнемі қаржының жетіспеушілігі байқалып жатады.
Аймақтардағы мамандарды қажетті әдіс-тәсілдерге оқыту мақсатында«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Денсаулықсақтау министрлігімен бірге медициналық көмекті бюджеттендірудің жаңа тәсілдері бойынша семинар өткізді. Семинарға қор филиалы мен денсаулықсақтау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Семинар модераторы ретінде Қор басқармасы төрағасының орынбасары Марат Шоранов, ал спикерлер ретінде денсаулықсақтау саласындағы сарапшы ГүлімАсылбекова және Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG аға консультантыӘлішер Оразбеков қатысты, олар осы бағыттағы ең үздік халықаралық тәжірибелермен бөлісті.
Бюджетті дұрыс жоспарлау үшін тыңдаушыларға өңірлердің эпидемиологиялық көрсеткіштеріне сүйену керектігі айтылды, сол арқылы халықтың медициналық көмек алуға деген қажеттілігі ескеріледі. Мәліметтер жинауда медициналық ақпараттық жүйені жетілдірудің маңыздылығы атап айтылды. Себебі көлемді жоспарлау дәл солардың дәйектілігіне байланысты болады.
Оқудан өткен азаматтар алған білімін әрі қарай жергілікті жерлердегі медициналық мекемелер басшылары өз бюджетін дұрыс жоспарлап, бөлуді үйренуі үшін таратады. Дұрыс жолға түскен жағдайда олар жетіспеушілік мәселесін ұмытып қана қоймай, табысқа кенеле бастайды, демек жаңа жабдықтарға қол жеткізіп, жөндеу жүргізеді және дәрігерлердің жалақысын көтере алады. Оның үстіне МӘМС-ті жүзеге асыруды бақылау үшін маңызды саналатын барлық процестердің айқындылығы қамтамасыз етіледі.