KFC "ҚМДБ ХАЛАЛ" сертификатын қайта алды ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KFC "ҚМДБ ХАЛАЛ" сертификатын қайта алды ма?

KFC "ҚМДБ ХАЛАЛ" сертификатын қайта алды ма?

KFC "ҚМДБ ХАЛАЛ" сертификатын қаайта алды ма?

  • 21 Қараша 2019
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы halaldamu.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 2018 жылдың 12 желтоқсанында The Caspian International Restaurants Company компаниясына тиесілі KFC ресторандар желісіне берілген «ҚМДБ халал» сертификатын қайтарып алған болатын. Басты себеп – «ҚМДБ халал стандарты» талаптарының сақталмауы.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ХАЛАЛ ДАМУ (Мүфтият) (@halaldamu.kz) on

Аталған компанияның Алматы қаласындағы басшылығына KFC ресторандар желісі ғимараттарынан сертификатты және «ҚМДБ халал» таңбасын өнімдерінен алып тастау және қолданбау жөнінде ескерту хаты жолданған болатын. Осы мәселе бойынша, «Халал Даму» ЖШС-ның өңірлердегі жауапты өкілдері тарапынан да бірнеше рет тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Дегенмен, The Caspian International Restaurants Company «ҚМДБ халал» таңбасын әлі де өз өнімдерінің қаптамаларында пайдаланып келгендігі анықталуда. Олай дейтін себебіміз, бізге тұтынушылар тарапынан келіп жатқан толассыз арыз-шағымдар мен хаттар, фотодеректер бар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің мақсаты – халал өнімді талапқа сай ұсыну. Жауапкершілік пен сенімді өз деңгейінде атқару. Бұл – бізге жүктелген міндет. «Халал Даму» мен The Caspian International Restaurants Company KFC мекемесі арасында сертификаттауға қатысты қайта келісімшарт жасалмағанын хабарлай отырып, KFC өніміндегі қаптамадағы «ҚМДБ халал» таңбасы халал сертификатын қайта алғанын білдірмейді.