«Мерседес» маркалы автобустың жүргізушісі көктайғақта жылдамдықты асырып жіберген. Көлік жол шетіне шығып, аударылып қалған. Көліктегі 12 жолаушының бесеуі дәрігер қарауына жүгінген. Абырой болғанда, дәрігерлер олардың жарақаттары жеңіл екенін айтады.
"Бұл оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды" делінген Полиция департаментінің ақпаратында.