Пара алғаны үшін мектеп директорына 9 млн теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пара алғаны үшін мектеп директорына 9 млн теңге айыппұл салынды

Пара алғаны үшін мектеп директорына 9 млн теңге айыппұл салынды

Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Қараша 2019
  • 4
Фото - Caravan.kz


Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін азаматты жұмысқа орналастыру үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры А.Ж. Алтынбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

Биылғы жылдың 26 қарашасында №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен шенеунік осы сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру арқылы 9 миллион теңге айыппұл салынды, — делінген хабарламада.