Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Республиканың басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, ауа-райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Тек Республиканың солтүстік, шығыс және батыс аумақтарында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде аздаған қар жауады тек батыста – жел күшейеді. Кей жерлерде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде – тұман бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, түнде Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.