Қазақстандық бодибилдер кәдімгі қуыршақ қызға үйленбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бодибилдер кәдімгі қуыршақ қызға үйленбекші

Қазақстандық бодибилдер кәдімгі қуыршақ қызға үйленбекші

 

  • 13 Желтоқсан 2019
  • 79
Фото - Caravan.kz

Өзіннің жасанды қуыршаққа деген махаббатымен танылған қазақстандық бодибилдер енді оған үйленбекші, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық Юрий Толочко өзінің сүйіктісімен сауық құрып жүргенде танысқан көрінеді. Оның айтуынша, ол қуыршаққа дұрыс көңіл бөлмей, оған қалай болса солай қараған адамнан құтқарып алыпты. Тіпті оған Марго деген есім берген

Толочко қуыршақты адам ретінде қабылдап, онымен бірге қыдырып та жүреді екен. Оның атынан Instagram желісінде парақша ашып, оны жүргізіп тұратын көрінеді. Өзінің кемшіліктеріне ренішін білдірмеу үшін ер замат жасанды "келіншегіне" пластикалық ота жасатқан.

Толочконың сөзінше, Марго даяшы болып қызмет атқарғысы келеді екен. Алайда оның сүйіктісі "бикештің" қолынан тамақ жасау мен сөйлей алу келмейтіндігін айтып бетінен қайтарыпты.


Дегенмен Толочко қуыршақтың бұл кемшілігіне мән бермей, бірге тұрып жүргендеріне 8 ай уақыт өткеннен кейін оған үйленуді шешіпті. Толочко той күнін әлі белгілемеген сыңайлы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ер адамның "киборг әйелмен" тұратынынайтып мақтанғаны жарияланған еді.