Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Ер адам полицияда бірнеше сағат отырғанын айтты. Тәртіп сақшылары баланы зорлағанын мойындауды талап етіпті

  • 19 Желтоқсан 2019
  • 100
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысының прокуратурасына қала тұрғыны арыз жазды. Полицейлер оны педофил деп ойлап, бірнеше сағат жауап алған.

Ер адам сол жауап алу кезіндегі фото әлеуметтік желіде тарап кеткенін айтады. Енді ол өзінің өмірі үшін қорқып отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Нұрлан Шандин болған жағдайға еш қатысы жоқ екенін айтты. Ол құзырлы органдардың түсініктемесін күтіп отыр.

"Мені полиция бөліміне алып барды. Бір сағат бойы кінәні мойныма алуды талап етті. Екі адам пәтерімді тексерді. Таңғы 4-ке дейін жауап алды. Полициядан шыққанда әлеуметтік желіде "Педофилдер өлуі тиіс" дегенді оқыдым. Енді өзімнің өмірім үшін қорқып отырмын", — деді ол.

Прокурордың орынбасары Бауыржан Меңдебаевтың айтуынша, ер адамнан күдікті ретінде емес, куәгер ретінде жауап алынған.

"Ол полиция бөліміне жеткізіліп, күдікті емес, куәгер ретінде жауап алынды. Оның бұл қылмысқа қатысы жоқ", — деді Меңдебаев.

Тоғыз жасар қызды зорлаған күдікті кейін ұсталды. Ол бұған дейін сотталған 21 жастағы ер адам.


Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталған. Іс қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмаған жас баланы зорлау) және 121-бабының 4- бөлігіне сәйкес (кәмелетке толмаған жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) қарастырылатын болады.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, оқушы қызға 12 желтоқсан күні шабуыл жасалған. Ер адам тоғыз жасар қыздың соңынан үйдің кіреберісіне дейін барған. Үйде ешкім жоқ екенін білген кезде қызды есікті ашуға көндіріп, зорлаған.

Қызды әкесі тапты, бала ауруханада жатыр.