Премьер-министр жұмыс аптасын қысқартуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр жұмыс аптасын қысқартуды ұсынды

Премьер-министр жұмыс аптасын қысқартуды ұсынды

Премьер-министр жұмыс аптасын қысқартуды ұсынды.

  • 6 Қаңтар 2020
  • 222
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат Huffington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Адамдар отбасымен және жақындарымен көбірек уақыт өткізуі керек. Жұмыс аптасы бес күн, жұмыс күні 6 сағатқа дейін қысқартып, халықтың еңбекақысын өзгеріссіз қалдыруды ұсынамын», — деді Санна Марин.

34 жастағы премьер-министрдің ұсынысын халық ықыласпен қабылдады. Бұл ұсынысты жиын барысында Финляндияның білім министрі Ли Андерссонна да қолдады.


Айта кету керек, қазіргі таңда Финляндияда жұмыс күні 8 сағатты қамтиды. Ал, көршілес Швециядағы Гетеборг қаласында 2015 жылы 6 сағаттық жұмыс күні енгізілген болатын.