Шымкентте алты баланы жалғыз өзі асырап жүрген ана суицид жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте алты баланы жалғыз өзі асырап жүрген ана суицид жасады

Шымкентте алты баланы жалғыз өзі асырап жүрген ана суицид жасады

Шымкентте алты баланы жалғыз асырап отырған ана жаңа жыл қарсаңында өзіне қол салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ?

  • 10 Қаңтар 2020
  • 73
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ақпарат Facebook желісінде тараған.

"Шымкентте бір әйел суицид жасады. Алты бірдей балақай ана қамқорлығынсыз қалды. Шымкент әкімдігі анаға үй беруі керек болған: жалғыз басты ана баспана кезегінде тұрыпты. Алайда белгісіз жағдайларға байланысты қала басшылығы байғұс ананы кезектен алып тастапты. Бұл әйелдің өзіне қол жұмсауына себеп болуы мүмкін", — деп жазылыпты әлеуметтік желіде.

Бұған қоса жазбада оқиғаны жылы күйінде жаба салуға тырысқан шымкенттік шенеунік әйел жайлы да айтылған.

Жергілікті ПД осыған оқиға 28 желтоқсанда тіркелгендігін жеткізген. Дегенмен олар әйелдің отбасы жағдайы жайлы хабарсыз көрінеді.

Алайда Шымкент қаласында баспана кезегінде әйелдің есімі әлі де тұрғаны анықталыпты.

"Ол кісі кезекте тұр. Жақын күндері үйге қол жеткізуі керек болған. Бірақ ол көз жұмғаннан кейін, үйді табыстауды оның кәмелетке толған баласының атынан іске асырмақшымыз. Заңда бұл жағдай қарастырылған. Оның балалары баспанамен қамтамасыз етіледі. Жақын арада үйлі болады", — деп мәлімдепті әкімдік қызметкері.


Оған қоса қызметкер өзіне қол салған әйелдің алты баласы бар екендігін растады.

Қазіргі таңда полицейлер азаматшаның неліктен бұлай істегенін анықтауда.

"Аталған іс ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тіркелді", — деді Шымкент қаласы ПД-нің ресми өкілі Әсел Сәденова.