Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
70 жастағы қария Мадинаны жақсы көріп қалғандықтан оны таңдап, бағдарламаға арнайы келген. Өзіне 70 жастағы қарияның келгенін білген қатысушы тікелей эфирде жылап жіберді.
"Бұл жерге әкемнен үлкен адам келсін деген жоқпын. Кешіріңіз, сізді көке дейін бе білмеймін бұл жерге келуіңіздің өзі оңай болмағанын білемін, бәрін түсінемін. Бірақ мен арбада отырмын деп әкемнен үлкен адамға тиіп кетуім керек пе? Менен 10 жас үлкен адам келсе қабылдар едім, бірақ мен әкемнен үлкен адамды қабылдай алмаймын", — деді қатысушы.