Елордада 2019 жылы "Халық сүйіктісі" атанғандар марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада 2019 жылы "Халық сүйіктісі" атанғандар марапатталды

Елордада 2019 жылы "Халық сүйіктісі" атанғандар марапатталды

Елордада 2019 жылы "Халық сүйіктісі" атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

  • 20 Қаңтар 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараға Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты.

Әрбір қазақстандық халықтың сүйіктісі болуға тырысады. Қолынан келгенше соған қызмет жасайды. Бүгінгі байқаудың соған арналғаны біз үшін өте қуанышты. Қазақ еліне қызмет істеп, қазақстандықтардың абыройын басқа елдерде көтеріп жүрген азаматтар көп. Дегенмен, қазақ айтпақшы, "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" болғандарды 9 жылдан бері анықтап келе жатқан "Халық сүйіктісі" сыйлығының орны ерекше, — деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен жеңімпаздар есімі:

"Жылдың үздік мәдениет қайраткері" — қазақ әншісі, композитор Димаш Құдайберген;
"Жылдың үздік мұғалімі" — Нұр-Сұлтан қаласындағы экономикалық лицейдің педагогы Ербол Әренов пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Түймеш Дәрішева;
"Жылдың үздік дәрігері" — ҚР ПІБ №1 МОА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талапбек Әженов;
"Жылдың үздік спортшысы" — танымал қазақ дзюдошысы, Рио-де Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов;
"Жылдың үздік спортшы қызы" — Мәнерлеп сырғанаудан 2019 дылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева;
"Жылдың үздік парламентарийі" — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев;
"Жылдың үздік тележүргізушісі" — "КТК" телеарнасының "Дау-дамайсыз" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Гүлмира Әбіқай;
"Жылдың үздік публицисі" — 30 кітап авторы, публицист Бақытқожа Рүстемов;
"Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы" — Informburo.kz;
"Блог саласының көшбасшысы" — Facebook блогері Самат Нұртаза;
"Жылдың үздік трэвел-блогері" — бизнесмен, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов;
"Жылдың үздік кәсіпкері" — "Гормолзавод" ЖШС-ның бас директоры Асен Жақсылықов;
"Жылдың үздік әлеуметтік белсендісі" — эколог Шасалим Шагалимов;
"Жылдың үздік вайнері" — Серғазы Тоқтарбек (Seka Vines).
"Отандық дипломатияны дамытуға қосқаны үшін" құрметті сыйлығы — Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысовқа;
"Жыл қалауы" құрметті сыйлығы — Динара Закиеваға;
"Жылдың әлеуметтік жобасы" — Шаттық Сүйінішова;
"Жыл әскери адамы" — суға батқан 2 жасар баланы құтқарып қалған әскери қызметші Әлішер Табылдиевке;
"ТМД кеңістігіндегі мәдениетаралық диалог үшін" — суретші Никас Сафроновқа берілді.

Мұнан бөлек, сыйлық төрешілерінің шешімімен "Алтын дәуір" арнайы жүлдесі танымал қазақ композиторы, мемлекет қайраткері Төлеген Мұхамеджанов пен спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Құлназаровқа берілді.


Айта кетейік, Қазақстандық "Республика-Аймақ-Даму" қоғамдық қоры 2011 жылы бекіткен ұлттық сыйлық қоғамда танымал адамдар мен ұйымдарға беріледі. Дауыс беру үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы – алдын ала кезең (ұсыну) болса, бірінші кезең – Facebook желісі арқылы жүргізіліп, ал соңғы кезең ресми сайт арқылы өтті.