Елордада тоғыз жасар қыздың өлімінің кейбір жағдайлары туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, олар емханадан дәрігер шақырған жоқ. Отбасында төрт бала болды, кішісі де ЖРВИ-мен ауырды. Оларға дәрігер шақырып, осы кезде ата-анасы осы үлкен қызды да тексеруді өтінді. Үлкен қызы ол кезде өзін жақсы сезінді, дәрігерді күтіп алып, пәтерін көрсетіп жүрді. Ол кезде қызда ЖРВИ-дің бастапқы деңгей болған болуы мүмкін, оған антибиотиктер тағайындалмады. Өлімнің себебі неден екені белгісіз, сот-медициналық сараптама анықтайды», — деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Басқарма дәрігерлер қайтыс болған қыздың отбасына 13 қаңтарда келді, ал бала 2020 жылы 14 қаңтарда қайтыс болды деп хабарлады.
Бұған дейін елордада 2011 жылы туған бала қайтыс болды деп хабарланған болатын, қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті сот-медициналық сараптама нәтижелері әлі дайын емес дейді.