"Қазақмыс" мекемесінің бас директорына өз кабинетінде жон арқасынан пышақ сұғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Қазақмыс" мекемесінің бас директорына өз кабинетінде жон арқасынан пышақ сұғылды

"Қазақмыс" мекемесінің бас директорына өз кабинетінде жон арқасынан пышақ сұғылды

 

  • 22 Қаңтар 2020
  • 100
Фото - Caravan.kz

Жезқазғанда "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұлов пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қарағанды облысының ПД мәлімдеді.

Келіп түскен ақпарат бойынша, Мініғұловқа шабуыл жасаған адам "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ге қарасты "Кәсіпқорған" кәсіподағының төрағасы Тәжбенов Т. А. екендігі анықталыпты. Кәсіпорынның бас директоры пышақ ;жарақатан арқасынан алған. Оқиға 21 қаңтар күні сағат 18:20-де болыпты.

Сонымен қатар оқыс оқиға кезінде аталған ұйымның тағы бір маманы Тембаев С. А. жарақат алды. Ол екі адамның арасындағы жанжалды ажыратпақшы болыпты. Оның кеуде қуысына жарақат келіпті.

"Куәгерлердің сөзінше, бұл жағдайдан кейін Тәжбенов Т. А өзіне-өзі пышақ сұққан. Ол оқиға орнында көз жұмды. Мініғұлов пен Тембаев ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде", — делінген полиция хабарламасында.


Бұған қоса желіде оқиғаға қатысты видео тараған.

"Жедел жәрдем бригадасы пышақ жарақатын алған екі адамды ауруханаға жеткізілді. Біреуіне ота жасалды. Екіншісіне медициналық көмек көрсетілді. Екеуі де "Қазақмыс" компаниясының медициналық орталығында жатыр", — деп мәлімдеді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.