2020 жылы Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылы Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

2020 жылы Қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

Биыл қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

  • 22 Қаңтар 2020
  • 227
Фото - Caravan.kz

Қазақстандықтар Грузияда бір жыл бойы визасыз жүре алады. Ал Арменияға 180 күнге визасыз баруға болады.

Тағы қандай елдерге визасыз кіруге рұқсат берілген?

90 күн: Әзірбайжан, Албания, Беларусь, Колумбия, Коста-Рика, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Намибия, Ресей, Түркия, Украина.

30 күн: Аргентина Барбадос, Бразилия, Индонезия, Малайзия, БӘА, Сейшель аралдары, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Эквадор.

Ал Гонконгте 14 күн бойы визасыз жүруге болады. Туниске турагенттіктер арқылы саяхаттасаңыз, визаның қажеті жоқ.

Түрікменстанға Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары 5 күнге визасыз бара алады.

Қытайдың Хайнань аралына 30 күнге дейін визасыз кіруге мүмкіндік бар. Ал Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Чугучак пен Зимунайға 3 күнге бара алады.

Черногорияға жаз мезгілінде 30 күнге визасыз кіру (әдетте сәуір айының ортасынан қазанның соңына дейін) рұқсат берілген.

Электронды виза

Кейбір елдердің консулдықтарының сайтынан электрондық виза алуға болады. Ол үшін де бірнеше құжаттар қажет, дегенмен электронды виза алу әлдеқайда оңай әрі тезірек.

Электронды виза арқылы мына елдерге баруға болады: Бахрейн, Бенин, Вьетнам, Габон, Джибути, Зимбабве, Индия, Камбоджа, Катар, Кения, Кот-д’Ивуар, Лесото, Мьянма, Пәкістан, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, Сент-Китс және Невис, Сингапур, Уганда, Шри-Ланка, Эфиопия.

Кейбір елдер басқа мемлекеттердің визаларын сенімділік танытады. Егер бір виза болса (әдетте Шенген немесе америкалық виза), онда басқа елдерге оңай кіре аласыз.


Босния және Герцеговина – Шенген немесе АҚШ визаларын бірнеше рет алғандарға 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілген;

Белиз –  Шенген немесе АҚШ визасының иелері үшін 90 күнге дейін визасыз жүруге болады;

Болгария  – Хорватия, Кипр, Румыния немесе Шенген мемлекеттері берген туристік визасы бар адамдар 90 күнге дейін визасыз бара алады;

Кипр – Хорватия, Болгария, Румыния немесе Шенген мемлекеттері берген туристік виза иелері үшін 90 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат етілген;

Румыния – Хорватия, Кипр немесе Шенген мемлекеттері берген туристік визасы бар азаматтар 90 күнге дейін визасыз жүреді;

Хорватия – Болгария, Кипр, Румыния немесе Шенген мемлекеттері берген туристік виза иелері 90 күнге дейін визасыз жүреді;

Оман – Шенген, АҚШ, Австралия, Жапония, Канада немесе Ұлыбританияның визасы бар азаматтар 30 күнге электронды виза (E-Visa) ала алады;

Македония – Шенген туристік визасының иелері 15 күнге дейін визасыз жүре алады.