Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциалар желісі 27 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 22:58-де жерасты дүмпулерін тіркеді. "Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 227 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 8,7. Магнитудасы — MPV-4,0. Тереңдігі — 10 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер (ММК-64 шкаласы бойынша): Алматы облысында, Текеліде — 2 балл", — делінген хабарламада.